Атырауда Наурыз тойына 60 киіз үй тігілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Наурыз тойына 60 киіз үй тігілді

22.03.2018

«Сұлтан Бейбарыс» алаңына жиналған халықтың санында есеп жоқ. Барлығы Жаңа жылды қарсы алып, шат-шадыман күйде.

Жалпы, қала бойынша 60, ал, мына алаңда 23 киіз үй тігіліп, келушілерге Наурыз көже таратылуда. Сондай-ақ, салт-дәстүрді дәріптеген көріністер сахналанып, ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Ал, бірқатар киіз үйлерде көрме-жәрмеңкелер өтіп жатыр.  Таңсәріден басталған мерекелік шаралар мұнайлы шаһардың жер-жерінде өтуде.

Бүгінгі шараның ерекшелігі сол, ең дәмді Наурыз көже мен үздік салт-дәстүр қойылымы және ең үздік киіз үй иелері анықталып, ақшалай, бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Ал, кешке жергілікті және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу