«KADEX-2016» көрмесіне 200 ден астам шетелдік компания қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KADEX-2016» көрмесіне 200 ден астам шетелдік компания қатысады

22.05.2016
«KADEX-2016» көрмесіне 200 ден астам шетелдік  компания қатысады
«KADEX-2016» көрмесіне 200 ден астам шетелдік  компания қатысады

Маусым айының басында Астанада өтетін төртінші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне 35 мемлекеттен 300 ден астам компания қатысады. Сондай-ақ, көрме кезінде Қазақстанның Қарулы Күштері шет елдерінің жетекші қорғаныс кәсіпорындарымен түрлі келісімшарттар жасасып, қорғаныс қабілетімізді арттыруға қажетті техникалар алу жөнінде уағдаластықтар да жасалуы мүмкін.

Жалпы, осымен төртінші рет өткізіліп жатқан көрмеге отандық 100 ден астам өндіруші компаниялар да қатыспақ ниетте. Көрме бірқатар нақты тақырыптық бағытты қамтымақ. Олардың арасында авиация техникасы, адамсыз ұшу аппараттары мен ғарыш технологиясы, Құрлық әскері мен әскери-теңіз күштеріне қажетті жабдықтар, әуе қорғанысы жүйелері, тыл және техникалық қамтамасыз ету, ІТ технологиялары және байланыс жүйесі мен құралдары, әскери саладағы роботтық техника, әскери саладағы балама қуат көздері сынды бағыттар бар.

«KADEX-2016» халықаралық көрмесіне биыл МиГ-29К, МиГ-29КУБ, МиГ-29М/М2 функционалдық жойғыш ұшақтар, Ан-148 және Ан-158 өңірлік ұшақтар, Ан-178 және Ан-132 жаңа көліктік ұшақтар көрсетілу жоспарланған. Одан бөлек түрлі техникалар да ұсынылмақ.

Жалпы, мұндай көрме әдетте түрлі елдердің қорғаныс өндірісінің қуатын көрсетіп қана қоймай, сан-алуан мақсаттағы келісім шарттардың жасалуына да мұрындық болады. 2010 жылы өткен көрмеге қатысушылар жалпы құны 1.5 млрд доллар болатын 10 ұзақ мерізімді келісімшарт жасасқан. Оған ұзан-саны 156 компания қатысса, олардың ішінде 86 мекеме отандық кәсіпорындар еді. Ал, 2014 жылғы көрмеде 2,6 млрд долларлық 31 келісім жасалды. Оған 300 компания қатысты, олардың ішінде қазақстандық компаниялар саны 92 болатын.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу