«KADEX-2016» көрмесіне қатысуға 300 шетелдік компания өтініш білдірген

Маусым айында Астанада өтетін әскери техника мен жабдықтардың халықаралық «KADEX-2016» көрмесіне қару-жарақ пен әскерге қажет өнімдер шығаратын шетелдік 300 компания қатысуға ниет танытқан. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмеде өз өнімдерін таныстыратын компаниялар саны бұдан да артық болуы мүмкін. Өйткені, көрмеге қатысуға ниет білдіріп, өтініш жасап жатқан өндірушілер аз емес. Көрме 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Екі жылда бір рет өтетін көрме биыл төртінші рет маусым айының 2-5 күндері аралығында Астанада ұйымдастырылмақ. Көрмеге қазірдің өзінде украиналық «Антонов», ресейлік «Алмаз-Антей», америкалық «Defense Export & Logistics – DXL», франциялық «GIFAS» сынды әскери техника өндірісінде танылған компаниялар қатысатындығы белгілі болды.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жапонияда робот әскери жаттығуға қатысты
14.01.2026, 20:44
Алматы облысына 600 млрд теңге инвестиция тартылады
14.01.2026, 20:41
Мемлекеттік қызметтерді чат-бот арқылы алуға болады
14.01.2026, 20:38
Елімізде мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді
14.01.2026, 20:35
Алматыда көлік қозғалысы экологиялық талаптарға сай реттеледі
14.01.2026, 20:34
Елімізде соңғы 5 жылда жол апатынан 12 мың адам қаза тапқан
14.01.2026, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
14.01.2026, 20:28
Ирандағы шерулер кезінде қаза тапқандар саны 2600-ге жетті
14.01.2026, 20:23