Валентина Хальзова бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Валентина Хальзова бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

26.05.2016
Валентина Хальзова бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының жартылай финал ойындары өтіп жатыр.

69 келі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы Валентина Хальзова жартылай финалда германиялық Надин Апетцті ұтып, финалға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін финалға қазақстандық боксшылардан 48 келідегі Назым Қызайбай мен 54 келідегі Дина Жоламан шыққан болатын.

Жартылай финал кедесулерді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынады. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама беріледі.

Айта кетейік, финалдық бәсекені 27 мамыр күні сағат 14:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу