Қазақ тіліне дубляждалған «Алиса айнаның арғы бетінде» кинотуындысының алдын ала көрсетілімі өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тіліне дубляждалған «Алиса айнаның арғы бетінде» кинотуындысының алдын ала көрсетілімі өтеді (ВИДЕО)

25.05.2016
Қазақ тіліне дубляждалған «Алиса айнаның арғы бетінде» кинотуындысының алдын ала көрсетілімі өтеді (ВИДЕО)

Бүгін Алматы мен Астана қалаларының кинотеатрларында алғаш рет қазақ тілінде ұсынылып отырған «Алиса айнаның арғы бетінде» жаңа кинотуындысының алдын ала көрсетілімі өтеді.

Қазақ тіліне дубляждалған «Алиса айнаның арғы бетінде» кинотуындысы «Болашақ» Қауымдастығының он бесінші голливудтық фильмі. Қазақша дубляждың режиссері болып, бұған дейін «Джунгли кітабы», «Күлбике», «Малефисента» фильмдерінің, «Көліктер» анимациялық мультфильмінің және басқа да туындылардың аудармаларында атсалысқан -Айжан Жамшитова.

Дубляжға жиырмадан астам қазақстандық актер қатысты. «Алиса айнаның арғы бетінде» фильмінің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын: Назерке Серікболқызы (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), Қымбат Тілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири) сыйлады.

 

Хабарламаларға жазылу