«Малефисента» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Малефисента» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді

24.05.2014
«Малефисента» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді
27 мамырда Астанада Disney ұсынған мистикалық «Малефисента» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді. Фильм қазақ тілінде көрсетілмек.
 
«Малефисента» - отандық кинотеатрларда «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа Өрмекші адам», «Монстрлар Университеті», «Жалғыз рейнджер», «Жаңа Өрмекші адам: Кернеген қуат» фильмдерінен кейінгі қазақ тілінде көрсетілетін сегізінші фильм.
 
Алдын ала көрсетілімге жобаны ұйымдастырушылар мен әріптестер, сондай-ақ фильмде Анджелина Джоли ойнаған басты кейіпкерді дыбыстаған Гүлназ Әуесбаева, Астана қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, республикалық жастар ұйымдарының, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысады, деп хабарлайды «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі.
 
Сондай-ақ, 27 мамырда қазақ тілін қолдау үшін «Қазақша сөйле – өзіңнен баста» флеш-мобы өтпек. Мақсаты - мемлекеттік тілді дамыту және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
 
Айта кетейік, «Малефисента» фильмінің премьерасы 29 мамырда еліміздің барлық кинотеатрларында қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу