Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов Лас-Вегас қаласында 12 раундтық кездесуде америкалық боксшы Джуниор Райтты 10-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта «тұрақты» Әлем чемпионы титулын жеңіп алды.
Енді Бейбіт Шүменов және Ресей былғары қолғап шебері Денис Лебедев алдағы 120 күн ішінде өзара жекпе-жек ұйымдастыруы керек, деп хабарлады Vesti.kz.
Ал, Лебедев Мәскеуде Аргентина боксшысы Виктор Рамиресті екінші раундта жеңіп, WBA және IBF нұсқаларының Әлем чемпионы титулдарын біріктірді. WBA ережесі бойынша Лебедев «суперчемпион» атанады да, тұрақты чемпион белбеуі Шүменовке беріледі.
Енді қазақстандық боксшы Лебедевпен 120 күн ішінде қолғап түйістіруі шарт. Жеңгені чемпиондық белдікті жұма күні француз боксшысы Йоури Каленганы жеңген кубалық Йониэра Дортикостан қорғауы қажет болады.