Жаңа маусымда елорда паркінде қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген тосын сый күтіп тұр, деп хабарлдайды қаланың ресми сайты.
Биыл Париждегідей әткеншек, 7D жедел саты, үлкен арқандар паркі, даладағы спорттық батут келушілерге жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сондай-ақ, паркте экологиялық хайуанаттар бағы ашылып, жануарлармен ойнау, оларды қоректендіру мүмкіндігі беріледі.
- Жалпы, саябақ аумағында 16 аттракцион бар. Жаңаларын 1 маусымда ашу жоспарланған. Жазда балалар мен ересектер үшін Парижде Эйфель мұнарасында тұрған әлемдік стандарттағы әткеншекке ұқсас аттракцион іске қосылады. Одан басқа, кішкентай астаналықтарға арналған төрт көңілді және жарқын аттракцион жұмыс істейтін болады, - дейді қалалық саябақ меңгерушісі Ғани Хасенов.
Балалар мен жастардың сүйікті аттракциондары - Space Gun, яғни, «диірмен», атақты «Зубр», «Қарақшылар кемесі» әткеншегі, үлкен тізбектік әткеншек. Әзірге, паркте белгілі «америкалық әткеншек» жоқ, оның орнына «қырықбуын» тұр. Алты метрлік биіктікке шығуға болатын арқан көпшілік арасында сұранысқа ие. Бұл жерде толық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, оған 5 жастан асқан балалар мен салмағы 120 кг дейінгі ересектер жіберіледі. Маршрут тренажер залындағы бір сағаттық жаттығумен тең, өйткені, бұлшық еттердің барлығы жұмыс істейді. Қазіргі кезде Қазақстандағы ең ірі арқан паркінің құрылысы жүргізіліп жатыр, ол 1 маусымға қарай ашылады.
- Оның биіктігі 12 метр. Сақтандыру жүйесі бойынша адамға кез келген уақытта ұстауға болатын нәрселер жасалады. Бұл жүйе аяқталу үстінде. Ал ағаштардың белгілі бір орта құратынын айта кеткеніміз жөн, - дейді Ғани Хасенов.
Жаңашылдықтың бірі - далада орналасқан спорттық батут. Ол шатырдың ішінде тұрады және 10 жастан асқандарға арналған. Сондай-ақ, саябақта ағаштан жасалған экологиялық хайуанаттар бағына арналған орын бөлінді.
Қысқа метражды фильмдерді ұнататындар үшін проекциясы бар 7D-лифт жасалды, оның көмегімен адамның еркін құлауы имитациясы жүзеге асырылады.
Әткеншектерді жаңа шағын гольф таксимен аралауға болады.