Қала тұрғындары бір ай бойы конкурсқа қатысуға өтініштерді жазбаша түрде тиісті құжаттармен бірге арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасына тапсырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
2014 жылы конкурсқа қатысуға 44 өтініш, өткен жылы 51 өтініш келіп түскен.
Өтініштерді қарау барысында комиссия өкілдері отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, рухани-адамгершілік құндылықтарға, арғы тектерін білуіне және т.б. назар аударатын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 3 кезеңмен өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.