Қазақстан жастары есту қабілеті нашар спортшылар арасында күрестен өткен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жастары есту қабілеті нашар спортшылар арасында күрестен өткен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

11.05.2016
Қазақстан жастары есту қабілеті нашар спортшылар арасында күрестен өткен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Әлемдік біріншілікке Қазақстанды алғаш рет спортшылардың рекордты саны – 22 балуан және 4 жаттықтырушы  қатысты, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Отандық құрамаға Алматы, Тараз, Көкшетау және Ақтобе қалаларының спортшылары енді.  

Кадеттер мен жасөспірімдер жарысына 10 қазақстандық қатысып, бір күміс және екі қола жүлдеге ие болды. Тараз балуаны Тұрғынбай Ғасыр 69 келі салмақ дәрежесінде  күміс медаль жеңіп алса, Шымкенттік спортшы Пернеш Шадияр (58 келі) және тараздық Ғалымбет Молдашев (66 келі) қоржынымызға қола медаль салды.

Қазақстан тарихында алғаш рет құрамамыз сурдолимпиалық Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдеге қол жеткізді. Алматы спортшысы Шонку Хайратхаан 125 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен ақтық жекпе-жекте жеңіске жетіп, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Хайратхаан грек-рим күресінен 130 кг салмақта екінші орынға табан тіреді.

Алматылық Асылжан Тәжиев еркін және грек-рим күрестері бойынша өнер көрсетіп, екі спорт түрінен де қола медальдан, тараздық спортшылар Есжанов Ғабит және Дүйсенбиев Нұрсұлтан еркін күресте бір-бір қола жүлдеден жеңіп алды. Құраманың ең жас және дарынды балуаны Игенбай Ғабит грек-рим күресінде үшінші орыннан көрінді.

Хабарламаларға жазылу