Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі елордада концерт береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі елордада концерт береді

11.05.2016
Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі елордада концерт береді

«Биыл елордамыз Астана қаласында өтеді деп жоспарлап отырған концертіміз Тәуелсіздіктің 25  жылдығына арналып, «Ұлы дала мұраты» жобасы аясында өрбиді. Қазіргі уақытта Құрманғазы оркестрінде 81 әртіс қызмет жасайды және  дирижеріміз бар», - деді ол.

Сонымен қатар ол ағымдағы жылы академик Ахмет Жұбановтың 110 жылдық мерейтойы өтетіндігін әрі оның шығармашылығы оркестр тарапынан жан-жақты насихатталатындығын  атап өтті.

«2016 жылға арналған жоспарымызда Қазақстанның 4 облысында концерт беру жоспарланған. Соның алғашқысы елордада өтпек», - деді Н.Дауешов.

Оның атап өтуінше, 82 жылдық тарихи бар оркестрдің репертуарында 4 мыңнан астам туынды бар. Соңғы жылдардың ішінде ғана  оркестр репертуары 100-ден астам жаңа туындымен толыққан. Олардың қатарында ұлттық төл туындыларымызбен қатар әлемдік классикалық шығармалар да бар.

«Жалпы оркестріміздің алға қойған мақсаты - жыл сайын 100 концерт және оған 30 мың көрермен жинау. Мұны біз жүзеге асырып келе жатырмыз деп те айта аламыз», - деді ол.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу