Орал шаһарында 1700 адам бір мезетте Құрманғазының күйлерін орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал шаһарында 1700 адам бір мезетте Құрманғазының күйлерін орындады

23.09.2018

Биыл музыка әлеміндегі теңдессіз тұлға - Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл. Домбыраның күмбірі- ұлы даланың дүбірі емес пе?! Құрманғазы құбылыс. Ұлы даланың өзі тудырған біртуар тұлға. Музыкалық білімі болмаса да, Соқыр Есжан секілді күйшіні көзімен көрген, Ұзақ күйшіні ұстаз тұтқан. Кұрманғазының әр күйінің тарихы бар.

Негізі, күй құдіретіне көрсетілген құрмет көңілден шығады. Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптары оркестрі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бар. Елордада еңселі ескерткіші тұр. Елдің әр қиырында осы күні күй атасын ардақтау аясында мәдени шаралар өтіп жатыр. Осы апта батыстың шамшырағы Орал шаһарында 1700 адам бір мезетте Құрманғазының күйлерін арқырата орындады. Рекорд жаңартты.  Бұдан үш жыл бұрын Атырауда өткен шараға 1017 адам қатысқан еді.

Хабарламаларға жазылу