Құрманғазы атындағы халық аспатары оркестрі Испанияда концерт берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрманғазы атындағы халық аспатары оркестрі Испанияда концерт берді

25.12.2018

Бүгін «Таңшолпанға» «Құрманғазы» атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің дирижері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Абылай Тілепберген, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешев қонаққа келді.

Нұрғиса Дәуешев: «Мадрид қаласындағы ең абыройлы залдардың бірінде концерт бердік. Жаһандану салдарынан қазір бізде ғана емес, әлем елдерінің бәрінде дерлік ұлттық музыканы қалай сақтап қаламыз деген сауал тұр

Өнерге келуіме есімімнің де әсері болғаны сөзсіз. Нұрғиса атамыздай болсын деген ниетпен осы есімді қойған екен.

Абылай Тілепберген: «Дарын» жастар сыйлығына жақында ғана ие болдым. Бұл мемлекеттің, халықтың бізге беріп отырған алғысы деп айтуға болады. Елдің үмітін ақтауға бар күш-қайратымызды салатын боламыз

Біздің оркестріміз дала әуендерін әуелетіп келеді. 2019 жылы ұжым 85 жылдығын атап өтеді. Көптеген жоспарларымыз бар. Өңір-өңірді аралап, концерт беру ойда бар».

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу