Жуырда Лондонда кеш беріп қайтқан әнші бұл турасында: «Концерт деп ауыз толтырып айтатындай үлкен шара емес, бірақ, Лондонда тұратын қазақтардың басын қосып, кішігірім кеш - «қазақ-party» өткіздік. Бауырсақ, қазы сияқты ұлттық тағамдарымыздан дастархан жайып, қазақы әндер айттық, сол жақтағы студенттердің Қазақстанға деген сағынышын басып қайттық»,-дейді.
«Былтыр Қытайға барып, концерт бергенбіз, енді Моңғолия елі шақырып отыр. Бұйырса, қыркүйек айында сол жаққа сапарлауды жоспарлап отырмын. Бұдан бөлек, өз елімізде де, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Байқоңыр қалаларын аралап жүрміз. 5 мамыр осы Астанада кешім өтеді. Оған ресейлік әртіс Сосо Павлиашвили, қызғызстандық әнші Мейірбек Атабеков келмек».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.