kaztrk.kz порталы «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы Айқын Төлепбергеннің концертіне 10 билет ойнатады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

kaztrk.kz порталы «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы Айқын Төлепбергеннің концертіне 10 билет ойнатады (ВИДЕО)

27.05.2016
kaztrk.kz порталы «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы Айқын Төлепбергеннің концертіне 10 билет ойнатады (ВИДЕО)

2 маусым күні сағат 19:00-де Ұлттық арнаның «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Қазмедиа» орталығында әнші Айқын Төлепбергеннің концерті өтеді. Кеште басты кейіпкермен қатар, әнші Луина және «А» тобы өнер көрсетеді. 

Концертке тегін билет ұтып алғыңыз келсе, kaztrk.kz порталы ұйымдастыратын байқауға атсалысыңыз. 

Ол үшін «Instagram» әлеуметтік желісінің кез келген пайдаланушысы концерт баннерін өз парақшасында жариялап, «ұнату» белгісін мейлінше көп жинауы тиіс. Сондай-ақ, жарияланымда @kaztrk_kz аккаунты мен  #salemkz хэштегін көрсету міндетті.

Көрермендер мен портал оқырмандары арасында ойнатылатын 10 билеттің бірінің иегері атануға Сіздің де мүмкіндігіңіз бар.

Ән кешіне асығыңыз! 

 

 

Хабарламаларға жазылу