«Таңшолпанда» әнші Айқын Төлепберген қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» әнші Айқын Төлепберген қонақта

03.05.2016
«Таңшолпанда» әнші Айқын Төлепберген қонақта

 Астанада 5 мамырда жас әнші Айқын Төлепбергеннің шетелдік әртістердің қатысуымен концерті өтеді. Осыған орай ертең «Таңшолпанда» қонақта болатын әнші көрермендер арасында ойнатуға арналған 5-6 билет алып келеді.

Айта кету керек, әнші таяуда Лондонда және Қазақстанның бірқатар қалаларында кешін өткізген болатын.

Сондай-ақ, ертеңгі бағдарлама қонақтары арасында 4 мамыр Дүниежүзілік демікпе күніне орай пульмонолог дәрігер Гүлнұр Жүсіпназарқызы, химия ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Бейорганикалық химия ғылыми зерттеу институтының директоры Сұлукен Биғалиқызы да бар.

Әлеуметтік желі арқылы қалай пайда табуға болады? Шымкенттегі кілем өндіретін фабрика туралы не білесіз? Мемлекеттік қызметтің жаңа талаптары қандай? Бұл сауалдарға да жауапты ертеңгі «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Айта кетейік, «Таңшолпан» бағдарламасы дүйсенбі-жұма аралығында  07:00-10:00-де эфирге шығады.

 

Хабарламаларға жазылу