Айқын Төлепбергеннің концерті – Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айқын Төлепбергеннің концерті – Ұлттық арнада

19.03.2016
Айқын Төлепбергеннің концерті – Ұлттық арнада

Елімізге танымал жас әншілерінің бірі Айқын Төлепберген бүгінде тыңдарманын тапқан өнерпаз. «Superstar.kz» мегажобасында алғаш рет үлкен сахнаға шығып,  көпшілікке таныла бастады. Кейін тележүргізушілік қырымен де көрінді.

Әншінің «Пах-пах», «Алтыным», «Ерке қыз» «Ең алғашқы»  сынды әндері халықтың көңілінен шығып, шетінен хит болған туындылар.

Жақында өткен әншінің «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты шығармашылық концертінде Айқынның сахнадағы 12 жыл ішінде орындаған әндерінің үздіктері халық назарына ұсынылды.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:35-те сол кештің телевизиялық нұсқасын тамашалай аласыздар. Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу