Алматыда «Сәт» тобының жеке концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Сәт» тобының жеке концерті өтеді

11.11.2014
Алматыда «Сәт» тобының жеке концерті өтеді

5 желтоқсан күні Алматыда «Сәт» тобының жеке концерті өтеді.  Осыған орай  топ әншілері Азат Әбілдаев және Сапарбай Алтыбай бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бұл кеш – жаңа жоба. Мұнда жаңа әндеріміз орындалады.  Біз соңғы уақытта 12 бейнебаян түсірдік. 40-тан астам ән жазылды. Осыларды кеште орындаймыз»,-дейді топ мүшелері.

Топтың үшінші мүшесі кеткелі біраз уақыт болды. Бұл турасында Азат: «Тұрармен қатынасымыз үзілген жоқ, хабарласып тұрамыз. Мен жақында Шымкентке сапарлап қайттым. Сонда бауырымыздың үйінде болдым. Тұрар   сазгер Садық Қанатовтан «Кім келіп, кім кетпейді бұл ғаламға», деген ән алған екен. Бүгінде сонымен жұмыс жасауда»,-дейді.

«Келешекте топтың бес жылдығын атап өтпекпіз. Оған ресейлік Диана Гурцкаяны шақырсақ, бірге ән айтсақ деген ниет бар. Қазір ол кісімен келіссөздер жүргізіліп жатыр»,-дейді Сапарбай Алтыбай.

Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу