Мамыр айында ауа райы қандай болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамыр айында ауа райы қандай болады?

04.05.2016
Мамыр айында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорны Қазақстанда алдағы 7-10 мамыр аралығындағы мереке күндері және мамыр айына қатысты ауа райы болжамын айтып берді.

7-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Қазақстанның барлық аймағында құбылмалы ауа райы күтіледі: елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады, желдің күші секундына 9-14, ал кейде 15-20 метрге дейін жетеді. «Ауа температурасы баяулап, 20-33 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік өңірлерде - қарға ұласатын жаңбыр (9-10 мамыр), желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда температура түнде 5-0 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 3 градус суық, күндізгі уақытта 7-15 градус жылы», - делінген хабарда.

Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерде мереке күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, кейде 15-20 метрге дейін жетеді. 7-10 мамыр аралығында түнде ауа температурасы 13-18-ден 7-12 градусқа дейін түседі, күндіз 28-33 градус жылыдан 20-25 градусқа, ал кей жерлерде 15 градусқа дейін түседі, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 2-10 градусқа, күндіз 15-25 градусқа жетеді.

«Консультатив болжамға сәйкес, мамыр айында орташа ауа температурасы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысында және Қарағанды облысының кей жерлерінде 10-14 градус болады, қалған аймақтарда 15-23 градус, бұл Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан жоғары, республиканың қалған аймақтарында норма шамасында болады», - деп хабарлады синоптиктер.

Хабарламаларға жазылу