Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шаралар өтіп жатыр
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған негізгі шаралар әкімдік алдындағы алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттік» паркте өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мерекелік концерттер, қазақстандық әртістердің орындауындағы әндер мен билер көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Әдеттегідей, мерекеге орай спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Балалар арасында тоғызқұмалақтан, армрестлингтен және асық атудан сайыстар өткізілді. «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда халықтың бірлігінің белгісі ретінде аспанға ақ шарлар ұшырылды. Барлық алаңдарда адамдарға тәтті-дәмділер ұсынылды.
Мерекелік бағдарлама сағат 23:00 дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мордовияда қазақ мәдениеті дәріптелді
17.04.2026, 13:28
Астанада білім бәйгесі басталды
17.04.2026, 13:15
ЖИ-ге негізделген қазақтілді жобалар көбейіп келеді
17.04.2026, 13:12
Атырауда конституциялық реформаларды талқылады
17.04.2026, 13:09
Бизнесті тексеру азайды
17.04.2026, 13:06
Қазақстан әлемнің 48 елімен инвестицияларды қорғау бойынша келісімге келген
17.04.2026, 13:03
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
17.04.2026, 13:00
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49