Бүгін - Қазақстан халқының тілдері күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстан халқының тілдері күні

05.09.2018

Қазақстан халқы тілдері күні. Бүгін елімізде бірінші рет осындай мереке атап өтілуде.  Бұл күн қазақ тілінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арнайы орайластырылған. Осы айтулы датаға орай «Қазақстан» орталық концерт залында бүгін салтанатты шара өтті.

Онда «QAZAQ RADIOLARY» мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп ұйымдастырған ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары қорытындыланды. Ақындар сайысына келіп түскен өлеңдер «Елбасы және елорда» атты кітап болып жарық көрді. Сондай-ақ, белсенді тіл жанашырлары марапатталды. Қазақстан халқы тілдерін ұлықтауға арналған шаралар бүгін өзге де өңірлерде өтуде.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу