Басты Жаңалықтар Головкин Альвареспен шаршы алаңда кездесуге дайын

Головкин Альвареспен шаршы алаңда кездесуге дайын

Головкин Альвареспен шаршы алаңда кездесуге дайын

Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы хабарлайды.

Ал Альварес-Хан кездесуіне келсек, сарапшылар оның фавориті ретінде көбінесе мексикалық боксшыны айтады. Титулды қорғауға арналған шаршы алаңдағы кездесу 7 мамырда АҚШ-тағы Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр. Онда екі боксшы WBC титулы үшін барын салады. Кездесу 155 фунт (70,3 келі) аралық салмақ аясында өтпек.

Еске сала кетейік, жерлесіміз Г.Головкин (35-0, 32 КО) бүгінгі күні әлемдік бокс серияларының  WBA, IBO, WBC (Interim) және IBF секілді төрт белбеуінің иегері.

Бүгін суперчемпион, жеңімпаз Геннадий Головкин бұған дейін еш жеңіліп көрмеген америкалық Доминик Уэйдті (18-0, 12 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Енді ол 7-мамырда өтетін кездесудің қай жеңгенімен шығуға өзінің дайын екенін айтып отыр. 

 

ҚазАқпарат

Бөлісу