Басты Жаңалықтар Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд салмақ өлшеді (ВИДЕО)

Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд салмақ өлшеді (ВИДЕО)

Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд салмақ өлшеді (ВИДЕО)

Ертең, 24 сәуір күні, сағат 07:00-де WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Ал, кездесу алдында екі боксшы салмақ өлшеді. Г.Головкиннің салмағы 72,1 келі, ал Д.Уэйдтің салмағы 72,4 келі тартты.

Еске сала кетейік, Головкин-Уэйд бокс кеші ертең, 24 сәуірде, таңғы 07:00-де басталады. Жекпе-жектерді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді. 

Бөлісу