23 сәуірде WBA/IBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин Доминик Уэйдпен жекпе-жекке шығады. Жерлесіміз бұл кездесуге жауапкершілікпен қарайтынын айтады, деп хабарлады Sports.kz.
«Бұл - мен үшін маңызды жекпе-жек. Ол - менің міндетті қарсыласым. Мақсатым - орта дивизиондағы барлық чемпиондық белдіктерді алу. Мықты боксшымен кездесу, үлкен жекпе-жекті өткізуді қалаймын», - деді Гена Box Nation-ге берген сұхбатында.