Андре Уорд Головкинді жекпе-жекке шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Андре Уорд Головкинді жекпе-жекке шақырды

06.01.2014
Андре Уорд Головкинді жекпе-жекке шақырды
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы Әлем чемпионы, америкалық боксшы Андре Уорд WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жегі ең қызықты бокс кездесуі болады санайды.
 
Бұған дейін беделді америкалық ESPN сайты қос боксшы 2014 жылы қолғап түйістіруі мүмкін екенін атап өтті. Головкин мен Уордтың салмағы әртүрлі. Америкалық боксшымен кездесу үшін Головкин төрт келі қосуы тиіс.
 
«Бұл ұлы жекпе-жек болмақ. Бірақ мен Геннадий Головкинді құрметтеймін. Ол шаршы алаңда қарсыластарын аямайды», - дейді Уорд.
 
29 жастағы америкалық боксшы WBA және WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы. Ол кәсіпқой бокста 27 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 14 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Головкин WBA және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы. 31 жастағы қазақстандық боксшы 28 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 25-ін нокаутпен аяқтаған.

Хабарламаларға жазылу