Геннадий Головкин Қазақстанда өтуі мүмкін жекпе-жегі бойынша келіссөзді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Қазақстанда өтуі мүмкін жекпе-жегі бойынша келіссөзді бастады

30.06.2023

Геннадий Головкин Қазақстанда өтуі мүмкін жекпе-жегі бойынша келіссөзді бастады. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, 41 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы 34 жастағы британдық Джон Райдермен кездесуі ықтимал. Бұл туралы Sports.kz ақпараттық порталы жазды. Райдер жақында ғана берген сұхбатында Головкин жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді ұсынғанын айтқан. Екі былғары қолғап шебері де Сауль Альвареспен өткізген соңғы жұдырықтасуында төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу