19 сәуірде Алматыда ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кеш өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 сәуірде Алматыда ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кеш өтеді (ВИДЕО)

15.04.2016
19 сәуірде Алматыда ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кеш өтеді (ВИДЕО)

15 сәуір - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, ғалым Шөмішбай Сариевтің туған күні.

Бүгін сағат 15:00-де Алматыдағы «Ғылым ордасында» қаламгер шығармашылығына арналған «Ақындық - мұрат, ғалымдық - парасат» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді. Ал, 19 сәуірде Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында авторлық кеші ұйымдастырылмақ.

Осыған орай, ақын бүгін Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

Шөмішбай Сариев - 30-дан астам кітап пен 500-ден астам ән мәтіндерінің авторы. Ақынның сөзіне жазылған «Ғашықтар жыры» әні қазақ музыкасының шедевріне айналды.

«Туынды халық жүрегіне Мақпал Жүнісова мен Сембек Жұмағалиевтің орындауында жол тапты. Әні - Кеңес Дүйсекеевтікі.  Бұл жас кездегі махаббатты еске ала отырып жазылған өлең», дейді ақын.

Сонымен қатар, таңғы бағдарлама көрермендеріне арнап, «Ең жақсы күн» және ««Таңшолпан» көрермендеріне» атты өлеңін оқып берді.

Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу