Басты Жаңалықтар Алматыда «Білім және бизнес» халықаралық форумы өтті

Алматыда «Білім және бизнес» халықаралық форумы өтті

Алматыда  «Білім және бизнес» халықаралық форумы өтті

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-шараға Қазақстанның ғалымдары мен академиктері, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, шетелдік сарапшылар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты.

Ерлан Сағадиев қатысушыларды тарихымыздағы айтулы кезең - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен осы мереке тұсында аталып өтіп жатқан кәсіби мереке – Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады.

«Қазіргі кезде әлемде ғылым мен жаңа техногияларды дамыту өзекті тақырыптардың бірі. Ғылыми әлеует, ғылыми техникалық ресурстар көбінесе әрбір елдің әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын анықтайды. Оның әлеуметтік-саяси экономикалық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді»,-деді министр.

Форумда еліміздің ғалымдары Қазақстанның ғылым саласының дамуы мен өндірісті ғылыми сүйемелдеу туралы баяндама жасады.  Сонымен қатар, шетел сарапшысы Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтының өкілі Чал Су Лимнің Қазақстандағы ғылыми-техникалық ақпарат жүйесін Оңтүстік Кореяның тәжірибесін пайдалана отырып жетілдіру мүмкіндіктері бойынша жасаған баяндамасы тыңдармандардың көңілінен шықты.

Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына байланысты кітап көрмесі өтті.

Бөлісу