Digital bridge: Спутниктік байланыс іске қосылды
Енді ұялы байланыс жоқ жерлерде де жақындарыңызға хабарласа аласыз. Астанада өтіп жатқан Диджитал Бридж форумында бүгін «Старлинк Мобайл» спутниктік технологиясы ресми түрде іске қосылды. Ол шалғай елді-мекендерде, тіпті таулы аймақтарда да жұмыс істей береді. Демек, бұдан былай елдің қай қиырында жүрсеңіз де, байланыссыз қалмаймыз. Технологияны іске қосу үшін «Жанымда» деп аталатын қосымшаны жүктеп алу керек. «Старлинк Мобайлды» екі ай бойы тегін қолдануға болады. Одан кейін ақылы негізге ауысады. Әзірге ол тек Билайн абонеттері мен андройд қолданушыларына ұсынылып отыр. Бірақ алдағы уақытта барлық платформаларда ашылуы мүмкін. Айта кету керек, «Старлинк» секілді бірегей технология бұған дейін Орталық Азия елдерінде болмаған. Қазақстан алғашқы боп енгізіп отыр.
Досжан Мұсалиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-минимтрі:
Терминалдарды алыс шалғай аудандарға барғанда малшылар болсын, егіншілер болсын өздерімен алып жүре алмайды ғой. Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Сол кезде интернетке шығып, хабар беруге мүмкіндігі бар.
Диджитал бридж форумы кезінде Астана нағыз технологиялық хабқа айналды. Үш күндік форумға әлемнің түкпір түкіпірінен 20 мыңнан астам адам жиналды. Халықтың назарына ең үздік стартаптар ұсынылған. Жиналғандар ерекше роботтарды, соңғы үлгідегі технологияларды тамашалап жатыр. Халықаралық сарапшылар пікірталас өткізіп, жас мамандарға дәріс оқиды. Яғни бұл отандық айти мамандарға да үздіктерден сабақ алу үшін таптырмас мүмкіндік. Ертең форумның соңғы күні. Билеттің бағасы 10 мың теңге шамасында. Оны Диджитал Бридж сайтынан алуға болады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлыбритания түрмелерінен 700-дей тұтқын ерте босатылды
02.10.2026, 17:17
Еуроодақ елдерінде дизель отыны қымбаттады
02.10.2026, 17:15
ЖИ-ді ғылым және басқару салаларына енгізу жолдары талқыланды
02.10.2026, 17:10
Медицина саласында ЖИ-ді дамыту мәселелері талқыланды
02.10.2026, 17:07
Сарапшы: ЖИ-ді қолдануда қауіпсіздік мәселесіне назар аударған жөн
02.10.2026, 17:05
Президент: ЖИ өнеркәсіпті өзгертетін басты күшке айналады
02.10.2026, 17:03
Президент Данияның Сыртқы істер министрін қабылдады
02.10.2026, 17:00
Президент ЖИ технологиясын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін «Вашингтон моделін» құптады
02.10.2026, 16:26