57 жыл бұрын «Астана медицина университеті» АҚ ректоры Мәжит Шайдаров дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

57 жыл бұрын «Астана медицина университеті» АҚ ректоры Мәжит Шайдаров дүниеге келді

07.04.2016
57 жыл бұрын «Астана медицина университеті» АҚ ректоры  Мәжит Шайдаров дүниеге келді

Астана қаласында туған. Целиноград медицина институтын, «Тұран» университетін бітірген.  1992-1995 жылдары - Ақмола қалалық инфекциялық ауруханасының дәрігері.

1995-1997 жылдары - Ақмола медицина институтының доценті. 1997-2000 жылдары - Ақмола қалалық инфекциялық ауруханасының дәрігері, бас дәрігері. 2000-2005 жылдары - Астана қалалық денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2005-2006 жылдары Астана қаласы 1-ші ауруханасының бас дәрігері. 2006-2008 жылдары Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры болған.

2009-2010 жылдары - ҚР ДСМ Медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры болды.  

 

Хабарламаларға жазылу