«Витаминка» атанып кеткен кішкентай Әмина «Пусть говорят» бағдарламасына түсіп қайтты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Витаминка» атанып кеткен кішкентай Әмина «Пусть говорят» бағдарламасына түсіп қайтты (ВИДЕО)

31.03.2016
«Витаминка» атанып кеткен кішкентай Әмина «Пусть говорят» бағдарламасына түсіп қайтты (ВИДЕО)

Апалы-сіңлілер жуырда Ресейге барып, Андрей Малаховтың «Пусть говорят» бағдарламасына қонақ болып келді. Олардың  бейнероликтері ғаламторда 2015 жылдың тамыз айынан бері жарияланып келеді.

«Планшетті сіңліңнен қалай тартып алуға болады?», «Ауа райы, сен неге жиіркеніштісің?», «Әйел мен жастық», «Шоколадты кім жеді?» вайн-роликтері бірнеше миллион қаралымға ие болған.

Осы уақытқа дейін кішкентай вайнерлердің Instagram желісіндегі арнайы парақшасына 140 мыңнан астам қолданушы тіркелген.

«Әминаға әріптерді әлі үйретпеген болатынбыз. Атасы 1-2 рет көрсетіп еді, бірден үйреніп кетті. Қазір көшедегі жарнамаларды, кітаптағы сөздерді еркін оқиды. 1,5 жасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санауды білді. Ол мультфильмдердің әсері деп ойлаймын. «Балапан» арнасынан үйренгені көп», дейді анасы Арай Малғаждар.

«Витаминка» атанып кеткен алғыр қыз әншілерге де пародия салып жүр. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

 

 

Хабарламаларға жазылу