«Таңшолпан». Әмина Қайырбекова: Алдағы 5 жылда гроссмейстер атану жоспарда бар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әмина Қайырбекова: Алдағы 5 жылда гроссмейстер атану жоспарда бар (ВИДЕО)

07.09.2017

11 жасар Әмина Бразилия елінде өткен шахматтан Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол 4 жасынан шахматпен айналысқан. Жас шахматшы бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

 

«Атам шахматты жақсы ойнайтын. Маған да үйретті. 5 жасымда шахмат үйірмесіне берді. Ойлауды дамытатын ойынның бұл түрінде ең сүйікті фигурам – ат. Себебі, ол жүргенге жайлы. Алдағы 5 жылда гроссмейстер атану жоспарда бар.

 

Сабақ үлгерімім жақсы. «Қазақстан тарихы» пәнін ұнатамын. Йога мен ағылшын тілі курстарына  қатысамын. Осы уақытқа дейін 10-нан астам мемлекетте болдым. Тілді меңгеру керек.  Келешекте шахмат мектебін ашқым келеді», - дейді жас талант.

Хабарламаларға жазылу