МС Сайлаубек: Мектепте «төрттік» баға алған кезде ренжитінмін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МС Сайлаубек: Мектепте «төрттік» баға алған кезде ренжитінмін (ВИДЕО)

20.11.2015
МС Сайлаубек: Мектепте «төрттік» баға алған кезде ренжитінмін (ВИДЕО)

МС Сайлаубекті бүгінде елімізде  танымайтын адам аз. Оның  тіпті ТМД елдерінде де аты шыға бастады. Ресейлік рэпер Тимати Сайлаубекті баттлға шақырса, тағы сол ресейлік «Пусть говорят» бағдарламасы қазақстандық рэперді қонаққа шақырған.

Интернет арқылы танылған Сайлаубек  «Таңшолпанға» да келіп, сұхбат берді.

Тілшілердің мектепте жақсы оқығаныңыз рас па деген сауалына: «Мектепте жақсы оқығаным рас. «Төрттік» баға алған кезде, ренжитінмін»,-дейді Сайлаубек.

«Алғашында көпшілікпен бірге Сәкеңді интернеттен көрдік.  Бірақ, ол кезде кейбір азаматтар бұл кісімен дұрыс мақсатта жұмыс істемеді. Біз бұл кісіге жанымыз ашыды да, өз қолымызға алып, неге жұмыс істемеске, деп ойладық. Егер дұрыс жолға қойып, бірге жұмыс істесе, біраз нәрсеге жетуге болатынын байқадық. Қазіргі таңда, 4-5 ән жаздық, 2 бейнебаян түсірдік. Жоспарда тағы екі бейнебаян тұр»,-дейді продюсері.

«Келешекте әніме көпшілікке түсінікті болатындай, мағыналы сөздер қосу ойда бар»,-дейді Сайлаубек.

Рэпердің  «Таңшолпан» көрермендеріне арнаған тартуын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу