«Астана» радиосы жариялаған фотосуреттер байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосы жариялаған фотосуреттер байқауы қорытындыланды

24.03.2016
«Астана» радиосы  жариялаған фотосуреттер байқауы қорытындыланды

«Астана» радиосының тікелей толқынында өтетін «Арайлы Астана» бағдарламасы фотосуреттер байқауын жариялаған болатын.

Байқау шарты бойынша «Арайлы Астана» тақырыбында инстаграмда фото жариялау 24 наурызға дейін жүрді.

Аталмыш байқаудың жеңімпазы «Астана» радиосының кішкентай тыңдарманы Айзия атанды.  Байқау жеңімпазына ертең, сағат 8:10-да тікелей эфирде @kuanyshbek_photo ұсынған 20 000 теңгелік сертификаты табысталмақ.

Айзияны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. 

Хабарламаларға жазылу