Рух әдеби байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рух әдеби байқауы қорытындыланды

13.12.2017

Халықаралық жобаға 900-ге жуық әдебиет саласының маманы қатысқан. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде келіп түскен жұмыстардың жанрлары да әр түрлі. Мұндай байқау қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне көп көмек болады. Себебі, қазіргі уақытта сала мамандары еш ақысыз, гонорарсыз жұмыс істейді. «Ал, байқаудан жүлде алып, ақысымен қоса атақ алу, олар үшін үлкен стимул», - дейді ұйымдастырушылар.

Құл-Керім Елемес, жарыс жеңімпазы:

- Қазаққа тән жан-дүние ақиқаттың барлығы міне осы қазақтың тілінде қалды қазір. Біз қандай да бір нәрсені жаңғыру туралы Ұлттық болмысымыз туралы қандай бір жағдайда да міндетті түрде ана тіліне мән берсек, кешегі өзіміздің руханиятымызды таба аламыз.

Серікбол Хасан, жарыс жеңімпазы:

- Нағыз насихатталатын сала бұл - қазақтың әдебиеті деп ойлаймыз. Өйткені, әдебиет саласындағы оның ішінде проза, поэзия, драматургия, сын, балалар әдебиеті сияқты салаларды дамыту, оларға реңк беру, оларды жас өскіндерге насихаттау ол қазіргі заманның сұранысы деп ойлаймыз. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу