Алматыда бүгін «Саламат» тобының концерті өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бүгін «Саламат» тобының концерті өтеді (ВИДЕО)

23.03.2016
Алматыда бүгін  «Саламат» тобының концерті өтеді (ВИДЕО)

«Концерттің күнін белгілегеннен бастап дайындыққа кірістік. Жаңа әндер, жаңа дуэттер жазылды. Сонымен қатар, биді де назардан тыс қалдырған жоқпыз. Біраз әндерге би болады.

Алғашқы кеш болғандықтан, аса жауапкершілікпен қараймыз. Кеште халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова, сондай-ақ, Қайрат Нұртас және Фарида Жолдасовамен жаңа дуэттер орындалады. Халықты жаңа стильдегі әндеріміз бен билеріміз арқылы таңқалдыру ойда бар»,-дейді топ мүшелері.

«Біз Алматыға 2015 жылдың 20 наурызында келдік. Содан бері талай жұмыс атқарылды. 25 ән жазылды, екі бейнебаян түсірілді, көптеген концерттерге, түсірілімдерге қатыстық».

«Біздің бағытымыз шығысқа жақын. Шығыс иірімдері қосылған әндермен халыққа жақсы әсер қалдырғымыз келеді».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу