«Таңшолпан». Бүгін Астанада әнші Ұлықпан Жолдасовтың концерті өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін Астанада әнші Ұлықпан Жолдасовтың концерті өтеді (ВИДЕО)

31.07.2017

Бүгін Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Ұлықпан Жолдасовтың «Табиғатым - махаббатым» концерті өтеді.

Осыған орай әнші студия қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Әр әннің орындаушысы бар. Мысалы, кейбір кіші әндер бар, соны әншілер биік нотамен, диапазонмен көріктеп, ол үлкен дүниеге айналдыра алады. Жақсы әнші әнге ән қосады. Ол ақын, әнші, сазгер, оранжировщигі және басқасына да байланысты.

Бүгінгі концертке Димаш Құдайберген, Қанат және Света Айтбаевтар, «Самал» тобы, армян әншісі Сильво Акопян қатысады. Армян тілінде «Өмір - өзен» әні орындалады», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу