Бүгін Алматыда «Серілер» тобының «Қазақтың қара баласы» атты ән кеші өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда «Серілер» тобының «Қазақтың қара баласы» атты ән кеші өтеді (ВИДЕО)

25.12.2015
Бүгін Алматыда «Серілер» тобының «Қазақтың қара баласы» атты ән кеші өтеді (ВИДЕО)

Бүгін Алматыдағы Республика сарайында «Серілер» тобының «Қазақтың қара баласы» атты ән кеші өтеді.

Ақын Исраил Сапарбайдың сөзіне жазылған Арман Бексұлтанның «Қазақтың қара баласы» әні топтың «төлқұжатына» айналды. Халық мақамымен жазылған толғауды көпшілік ұрпаққа үндеу ретінде қабылдады. Ән халық арасында кеңінен тарап, әншілердің шығармашылығына жол ашты.

«Осыдан 4-5 жыл бұрын алғашқы үнтаспамыз шығып, Қазақ радиосына апардық. Көркемдік кеңестен 100 пайыздық деңгеймен өткенін айтып, хабарласқанда қуанышымызда шек болмады», дейді топ мүшесі Күнтуған Сұлтан.

Қазір олардың репертуарында 40-қа жуық ән бар. Тоқтар Серіковтің «Бір көш кетіп барады», Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Руһ пен тіл» ән-толғаулары тыңдармандар тарапынан жоғары бағаланды. 

Осы жылдар ішінде бірнеше елде гострольдік сапарда болып, қазақ әндерін насихаттап жүрген топтың шығармашылық жолы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу