Бүгін «Алматым жүрегімде» конкурсы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Алматым жүрегімде» конкурсы өтеді

17.09.2014
Бүгін «Алматым жүрегімде» конкурсы өтеді

Бүгін яғни, 17 қыркүйек күні Алматыда қала күні мерекесі аясында «Алматым жүрегімде» атты Алматы туралы үздік әндер конкурсы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы хабарлады. Конкурс аясында қазақ эстрада жұлдыздарының концерті ұсынылады.

Айта кету керек, қала әкімдігі бұл байқауды осымен 6-шы рет өткізгелі отыр. Қатысушыларға қойылар басты талап: міндетті түрде жанды дауыста, бұрын-соңды басқа жерлерде шырқалмаған Алматы туралы ән болуы шарт. Әндер үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Жеңімпазға автокөлік сыйға тартылмақ.

Хабарламаларға жазылу