Басты Жаңалықтар «Болашаққа оралу» фильміндегі көлік музейге қойылмақ

«Болашаққа оралу» фильміндегі көлік музейге қойылмақ

«Болашаққа оралу» фильміндегі көлік музейге қойылмақ

«Болашаққа оралу» (Back to the Future) фильміндегі әйгілі DeLorean маркалы автокөлік Лос-Анжелес қаласындағы Petersen Automotive Museum музейіне қойылмақ.

Доктор Браун мен Марти Макфлайдың көлік құралы 2016 жылдың 22 сәуірінде музей экспонаттарының бірі болады.

Petersen Automotive Museum – әлемдегі ең үлкен автокөлік музейлерінің бірі. Мұнда 100-ден астам автокөлік көрермен назарына ұсынылған.

Айта кетейік, биыл DeLorean маркалы автокөлік жаңартылып, алғашқы үлгілері 2017 жылы сатылымға шығарылады.

Бөлісу