500 дәрігер Үндістанда тегін тәжірибеден өтеді
500 медицина маманы Үндістанда тегін тәжірибеден өтеді. Тағылымдамадан өту алдағы 5 жылға жоспарланған. Бұл туралы Алматыда Үндістан мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен медициналық туризм форумында айтылды. Шара аясында бұдан бөлек 3 меморандумға қол қойылды. Қалада өткен халықаралық деңгейдегі басқосу денсаулық сақтау саласындағы серіктестікті кеңейтіп, шетелдік жетекші мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Үндістан елшілігінің қолдауымен өткен жиында онкология, трансплантология және нейрохирургия салаларындағы тәжірибелі дәрігерлер бас қосты. Сарапшылар күрделі ауруларды емдеудің заманауи тәсілдерімен бөлісіп, жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту жолдарын талқылады.
Еркебұлан Әбейхан, қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы:
Индиядан туристерді осындай медициналық чикаптарға алып келу, емдеу орындарына орналастыру, көрсету, таныстыру мақсатында жасалынып жатқан форум. Бұл форумның ең басты мақсаты – Қазақстан мен Индияның жеке кәсіпкерлерін, халықаралық институттарын бір-бірімен таныстырып, қарым-қатынаста болуларын біз қалаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы