Басты Жаңалықтар Жаңа Конституцияны іске асыру бойынша бақылау күшейеді

Жаңа Конституцияны іске асыру бойынша бақылау күшейеді

Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай жаңа Конституцияны іске асыру бойынша бақылауды бекітті. Бұйрықта құрылымдық бөлімшелер Бақылаудың мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс делінген. Оның орындалуын қадағалау Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөліміне жүктелді. Бұл құжат adilet.zan.kz порталында жарияланды. Сонымен қатар резидент Әкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 30 сәуірге дейін «Президент туралы» және «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобаларын Мемлекет басшысының қарауына енгізбек. Ал «ел астанасының мәртебесі туралы» және « республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заң жобалары Үкіметке, Мәжілістің қарауына 30 сәуірге дейін тапсырылады. Сондай-ақ, ел Үкіметі 7 сәуірге дейін жаңа Конституцияны ілгерілету жөніндегі жоспарды бекітпек.

Бөлісу