Қызылорда облысында жүгері өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Қызылорда облысы, Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдейтін зауыт салынады. Кәсіпорынның алғашқы іргетасы қаланып, құрылысы басталды. Ірі агрожоба жеке инвестордың есебінен жүзеге асады. Жалпы құны 40 млрд теңге. Зауыт құрылысы екі кезеңнен тұрады. Және ең соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталмақ. Жаңа өндіріс өңірде егін шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған. Аймақта биыл күріш алқаптары қысқарып, есесіне суды аз қажет ететін жүгері дақылының көлемі 15 мың гектарға ұлғайып отыр.
Шухрат Құрбанов инвестор:
Зауыттың қуаттылығы жылына 150 мың тонна дәнді қабылдап өңдейді. Өңдегеннен кейін 20-дан аса өнім шығады. Бірінші кезең 26 жылы бітеді. Шаруалардың өндірген өнімін толықтай кептіріп, тазалап, қабылдауға мүмкіндік болады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58