Байқауға түскен 123 жұмыстың ішінде «PilotComm» жарнама агенттігінің креативті командасы жасаған жоба жүлдегер деп танылды.
«Конкурстың мақсаты - Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған логотипті жасау және оны мерекелік шараларда символика ретінде пайдалану. Үздік, концептуалды жоба қаланы, қоғамдық көлікті, вокзалдарды, әуежайды, дүкендерді, қонақүйлерді, сувенирлік өнімдерді әрлендіруде қолданылатын болады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Конкурстың жүлделік қоры 1 000 000 (бір миллион) теңге.
Естеріңізге сала кетейік, конкурс 2016 жылдың 22 қаңтарынан 22 ақпан аралығында almatymadeniet.kz ресми порталында өтіп, оған 123 өтінім түсті.
Конкурстық жобаларға қойылатын басты талап - жобада Алматының мәдени-тарихи дәстүрлері, табиғаты, сәулет ерекшеліктері, заманауи бренді көрініс табуы тиіс болатын.
Атап өтерлік жайт, Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен 2016 жылы ЮНЕСКО-ның мерекелі және айтулы даталар жөніндегі ресми күнтізбесіне енген.