«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін көрермендер назарына «Әке» атты көркем телехикая ұсынады.
Фильмнің мазмұны жалғызілікті әкенің өмірі туралы өрбиді. Жарынан айырылған әке қызы мен ұлын ертіп, ауылдан Алматыға көшіп келеді. Балаларының болашағына алаңдаған ол қалада жақсы жұмысқа орналасып, үлкен мүмкіндіктер мен бақытты өмірге қол жеткізуге болады деп сенеді.
Балаларын қатарынан кем қылмай оқытып, олардың үлкен өмірге дұрыс қадам басуына көмектескісі келеді. Бірақ, олар қала өміріне бейімделе қоймайды. Әкелері өзіне оңтайлы жұмыс іздеп, көп қиналады.
Өмірдің қадам басқан сайын алдыңнан шыға келетін сан түрлі қиындықтарына шыдас беруге әкенің күші жете ме? Әкелеріне деген махаббаты сөнуге айналған сәтте бауыр еті балаларының өзіне деген кіршіксіз сенімін кері қайтару жолында әке қандай тәуекелдерге барады?
Бүгін 13:45-те «Әке» туындысының 1-6 бөлімдерін тамашалай аласыздар.