Өмірбек Байгелді: Ұлы адам туралы ұлы дүние шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірбек Байгелді: Ұлы адам туралы ұлы дүние шықты

22.02.2016
Өмірбек Байгелді: Ұлы адам туралы ұлы дүние шықты

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» өткен «Жамбыл» тарихи драмасының премьерасы кезінде мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді: «Ұлттық арна біраз жылдан бері халықтың еңсесін көтеріп келе жатыр. Ұлы тұлғалар жөнінде кітап жазу да, фильм түсіру де қиын. Ұлының аты – ұлы. Жамбыл туралы әңгіме көп, ой көп. Бұл фильм қалай болар екен деп едік. Бауырларымыз тамаша дүние шығара алған екен»,-деген пікірімен бөлісті.

Оның сөзінше, Жамбыл туралы фильм – халқымыз туралы фильм. Жамбыл мен халықтың ортасын ажырату қиын. Халықтың ортасынан шыққан ұлы тұлға Мәскеуге бекер барған жоқ,  ол жол салды. Қазақ халқын көрсін деді. Осыдан кейін қазақты ел таныды.

«Ұлы адам туралы ұлы дүние шықты. Биыл халыққа  пайда келтіретін, халықтың көзін ашатын, ойландыратын,  Жамбылына 170 жыл толған кезде шын бағасын беретін жыл болатын болды. Мына кино соған үлкен үлес қосты»,-дейді мемлекет және қоғам қайраткері.

 

Хабарламаларға жазылу