Жаппар Өмірбек - Қазақ телевизиясының негізін қалаушылардың бірі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаппар Өмірбек - Қазақ телевизиясының негізін қалаушылардың бірі (ВИДЕО)

21.12.2015
Жаппар Өмірбек - Қазақ телевизиясының негізін қалаушылардың бірі (ВИДЕО)

Қазақ телевизиясы тарихында оның іргетасын қалаған азаматтардың есімдері алтын әріптермен жазылған. Солардың бірі - ақын, прозаик, аудармашы Жаппар Өмірбек.

1959 жылы қазақ телевизиясына қызметке келген жас маман құрылғанына енді ғана бір жыл толған телеарнаның қалыптасуына белсене араласты. Көптеген бағдарламаның эфирге шығуына атсалысып, өзі де түрлі бағыттағы хабарларды жүргізді.

Қаламгер әдебиет саласында да соңына мол мұра қалдырды. Әдебиетке «Қызылсу», «Тас түйін» повестері арқылы келген Жаппар Өмірбектің шығармашылығының басты саласы -  балалар поэзиясы. Таяуда қаламгердің «Күнді шақыр» атты кітабы жарыққа шықты.

Ұлт руһанияты тарихында ойып орын алған тұлға туралы жазушы Сұлтан Қалиұлы мен ұлы Ахан Жаппарұлының  пікірлерін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу