«Қазақстан тарихы» порталында соңғы бір жылда жарық көрген мақалалар кітап болып басылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан тарихы» порталында соңғы бір жылда жарық көрген мақалалар кітап болып басылып шықты

29.03.2018

Жинақта қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен этнологиясын мұқият зерттеп, тың деректер тапқан авторлардың еңбектері жарияланған. Мұны оқып шыққан зиялы қауым «оқырмандар қолына құнды дүние тигелі тұр», - дейді. Өйткені, ұлтымыздың әдебиеті, мәдениетімен бірге тілі мен діліне қатысты кейінгі кезде түрлі пікірлер айтылып, қисынсыз мағлұматтар келтіріліп жүр. Осы ретте жаңа кітаптағы алты бөлімнен біраз ақиқатты айырып алуға болады. «Тарих 5 минутта», «Алаш 100», «Атамұра», «Репрессия 80» және «Жолсапар» сосын «Сұхбат» тарауларында қызықты деректер бар. Ал, идея авторлары мұндай оқулықтар алдағы уақытта да жарық көретінін айтты. 

Өмірбек Байгелді, Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Біздің бұрынғы ғалымдарымыз шет елден жазғандарын оқып келді. Сонымен, біздің тарихымызды жазды, бізге айтты, бізге жіберді. Оның дені өтірік болып шықты. Әдейі жасалған саясатпен өзгерткен дүниелер болып шықты. Қазір нағыз шындықты, ақиқатты іздейтін заман. Соларды тауып, жаңартып тура тарихымызды шығару керек. Міне, осындай үлкен аумақта кітаптар керек-ақ.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу