Жабал Ерғалиев: Жамбыл – қашанда халықтың жүрегінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жабал Ерғалиев: Жамбыл – қашанда халықтың жүрегінде

22.02.2016
Жабал Ерғалиев: Жамбыл – қашанда халықтың жүрегінде

Биыл Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойы. Айтулы шараға орай мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталған депутат таңғы бағдарламаға сұхбат берді.

«Жамбыл – қашанда халықтың жүрегінде. Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы тойланған кезде Елбасы: «Жамбыл – халқымен мәңгі жасайтын тұлға. Жамбыл жырының бағы жанатын кез енді келді. Тәуелсіз еліміз бар», деген еді.

Жамбыл шығармаларының, өмірінің күрделілігін ескерсек, Жамбылды әр ұрпақ өзінің көзімен, ойымен, жаңалығымен, ақыл-парасатымен таниды. Біз Тәуелсіз мемлекетімізде Жамбылды танудың жаңа үлгісін қалыптастырдық»,-дейді депутат.

«Бүгінде біз Жамбылды мектептерде, жоғары оқу орындарында оқыту, оның шығармаларын жаңа оймен зерделеу кезеңіне кірістік. Алматыдағы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты былтыр «Жамбыл» деген кітап шығарды. Онда Жамбылды жаңа қырынан ашатын тұстар бар.

Қазақстан Жазушылар одағы Жамбылдың апталығын, айлығын өткізу шараларын белгіледі. Осыған орай қазір түрлі мекемелерде мерейтойға арналған шаралар өткізіліп жатыр. Жалпы, Жамбыл мерейтойы мемлекеттік деңгейде мән беріліп отырған шара».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу