Ерлан Құжыманов «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Құжыманов «Таңшолпанда» қонақта

09.02.2016
Ерлан Құжыманов «Таңшолпанда» қонақта

«Ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. Бала кезімізден жаттап өстік. Мұқағали өлеңдері қазаққа шыншыл, адал болуға әсер етті деп білемін. Мұқағали ақынға ән арнамаған сазгер жоқ шығар. Солардың бірқатарын шамамыз жеткенше орындап келеміз»,-дейді сазгер.

«Қараөткел – ән жәрмеңкесі» атты шараны бастаған әнші: «Елді Қараөткел маңайына тоғыстыру  кешегі Абылай хан бабамыздың, бүгінгі Елбасымыздың арманы ғой.  Бір кездері Ақмола, қазір Астана атанып,  мақтанышымызға айналды. Өткен тарихты, әндер тарихын саралап отырсақ, мыңдаған жылдар бойы Қараөткел аталып келген жер ғой, сондықтан, «Қараөткел» деп айтылатын ән-жыр да көп екен. Соның барлығын Қазақстанның әр бұрышынан жинадық. Осы әндердің тарихын айта отырып, лекция-концерт өткізбекке бел будық»,-дейді.

Әншінің орындауындағы Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынғазы Рахимовтың «Санаулы күн» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу